Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Магомед Адиев – ресейлік клубтың бас бапкері

05.04.2024, 17:45 281

HALYQLINE.KZ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ресейлік «Ахмат» клубына бас жаттықтырушы болып тағайындалды.

Бүгін, 5 сәуірде «Ахма» ұжымының жалпыкомандалық жиналысында клуб президенті Магомед Даудов жаңа бас бапкер Магомед Адиевті таныстырды. Адиев енді Қазақстан құрамасы мен «Ахма» клубындағы жұмысын қатар алып жүреді.

«Магомед Мұсаұлы Грозный қаласында дүниеге келген. Әр жылдары Адиев өзі тәрбиеленген клубта («Ахматта») ойнады, онымен бірге Ресей кубогын жеңіп алды. Ол сондай-ақ грозныйлықтардың бас жаттықтырушысының көмекшісі болып жұмыс істеді, екінші команданың бас бапкері болды.

Қазір Магомед Адиев Қазақстан ұлттық құрамасын басқарады. Бұл командамен бірге тарихи нәтижелерге қол жеткізді. Маман клуб пен құрамадағы жұмысты қатар алып жүреді», – делінген «Ахмат» командасының ресми сайтындағы ақпаратта.

Айта кетейік, Магомед Адиев 2022 жылдан бері футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарып келеді.

Дереккөз: kaz.nur.kz

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: