Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» сапынан кетті

23.11.2022, 8:45 315

HALYQLINE.KZ

«Манчестер Юнайтед» ағылшын клубы шабуылдаушы Криштиану Роналдумен арадағы келісімшартты бұзды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

«Өзара келісімге сәйкес Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедті» дереу тастап кетуі керек. Клуб оған 346 матчта 145 гол соғып, «Олд Траффордтағы» екі кезеңде қосқан орасан үлесі үшін алғыс айтады. Оған және оның отбасына алда тек жақсылық тілейді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Манчестер Юнайтедтегілер Эрик тен Хагтың жетекшілігімен команданы алға ілгерілетуді жалғастыруға және алаңда табысқа жету үшін бірлесіп жұмыс істеуге аса көңіл бөліп отырғаны атап өтіледі.

13 қарашада Роналду журналист Пирс Морганға берген сұқбатында «Манчестер Юнайтед» халықаралық аренада және ұлттық чемпионатта сәтсіздікке ұшыраған кезде өзін клубтан кетіруге тырысқанын айтты. Сондай-ақ, футболшы ФК бас бапкері Эрик тен Хагты сыйламайтынын айтты, өйткені ол Роналдудың өзін қадірлемейтін көрінеді.

Роналду 2021 жылдың жазында итальяндық «Ювентустан» МЮ-ға ауысты. Бұған дейін, 2003 жылдан 2009 жылға дейін ол «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсеткен болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: