Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы бес саты төмен түсті

03.04.2022, 14:00 681

HALYQLINE.KZ 31 наурыз күні Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингі шықты. Жаңа рейтингінте Қазақстан құрамасы бес саты төмен сырғыды.

Өткен айдың қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы 120 орында тұрған болатын. Ал жаңарған рейтингте Андрей Карпович жаттықтыратын біздің ұжым 125 орынға түсті. Қазақстан құрамасының еншісінде 1134 ұпай бар.

Феррар аралдары, Үндістан, Ливия, Тәжікстан жәйне Тайланд секілді құрамалар бізден жоғары орналасқан. Жалпы рейтингті мына сілтемеден көре аласыздар.

Ақпан айына арналып шыққан жаңа тізімнің көшбасында өзгерістер бар. Бразилия құрамасы бірінші орынға шыққан. Екінші сатыда Бельгия болса, Франция үшінші орында.

  • ФИФА рейтингі:
  • 1. Бразилия — 1832.
  • 2. Бельгия — 1827.
  • 3. Франция — 1789.
  • 4. Аргентина — 1765.
  • 5. Англия — 1761.
  • 6. Италия — 1723.
  • 7. Испания — 1709.
  • 8. Португалия — 1674.
  • 9. Мексика — 1658.
  • 10. Нидерланды — 1658.
  • 125. Қазақстан — 1134
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: