Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еленаның жұлдызы жарқырап келеді

22.05.2023, 17:00 304

HALYQLINE.KZ

22 мамырда қазақстандық Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингі бойынша ресми түрде әлемнің төртінші ракеткасы атанды.

Қазір Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 5090 ұпаймен 4-орында тұр. Ал 1-орында 8940 ұпай жинаған Польша өкілі Ига Швентек, 2-орында 5741 ұпайы бар белорусьтік Арина Соболенко тұр. Үшінші орында тұрған америкалық Джессика Пегуланың Еленадан небәрі 115 ұпайы артық – онда 5205 ұпай. Бағы мен бабы келіссе, Рыбакина «Ролан Гаррос 2023-те» рейтинг бойынша алғашты үштікке кіруі мүмкін.

Елена Рыбакина бұл тарихи көрсеткішке биылғы маусымда Римнің Мастерсін жеңіп алан соң қол жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: