Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елена Рыбакина Уимблдонның төртінші айналымына шықты

09.07.2023, 12:06 258

HALYQLINE.KZ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты. Лондонда өткен жылғы атағын қорғап жатқан қазақстандық теннисші үшінші айналымда Ұлыбританияның бірінші, әлемнің 89-ракеткасы Кэти Бултермен бақ сынасып, 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Ойын шамамен бір сағатқа жуық уақытқа созылды.

Еленаға бұған дейін америкалық Роджерс пен француз Ализе Корне тегеурінді қарсылық көрсеткен еді. Енді ол жарыстың ширек финалына шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездеседі. Екі теннисші бұған дейін Абу-Дабиде кездесіп, бразилиялықтың мерейі үстем болған.

Елена Рыбакина қарсыласы Беатрис Хаддад Майямен жайында пікір білдірді.

– Менің келесі қарсыласым өте күшті. Бірнеше рет ойнадық, бірақ көгалда емес. Ол әккі ойыншы және солақай. Ол күрескер. Өте қиын болайын деп тұр. Иә, мен қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырысамын және барынша дайындаламын», – деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: