Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ел азаматтарын еске алу турнирі өтті

31.08.2022, 9:30 615

HALYQLINE.KZ Өткен аптада мемлекеттік қызметтің майталмандары Мұсабаев Тастайбек Түрікбенұлы мен Таубай Дулат Раушанбекұлын еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті.

Турнирге қала әкімі Асылбек Шаменов және ел азаматтарының туыстары мен бауырлары қатысты.

– Қай істе де абыройлы болған атпал азаматтар әртүрлі салада лауазымды қызметтер атқарды. Басшылық қызметте өздерінің білімділігі және ұйымдастырушылық қабілетімен халыққа мінсіз қызмет көрсету жолында көп еңбек сіңірді. Асыл азаматтардың ел жадында сақталуына, бұқаралық спорттың дамуына, жастарға патриоттық тәрбие беруге үлес қоссақ деген марқұмның отбасына, бауырларына, достарына алғыс білдіреміз. Осы турнирдің дәстүрлі сипат алуына тілекшімін, – деді Асылбек Өмірбекұлы.

Еске алуға арналған шағын футбол турниріне қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен кент және ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлерінен құралған 17 команда катысты.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі жеңіп алса, ІІ орынды “Қызылөзек” командасы, ал ІІІ орынды “Ақсуат” командасы иеленді. Жеңімпаз және жүлдегер командаларға отбасының туыстары тағайындаған қаржылай сыйақылар табысталып, кубоктар мен медальдар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: