Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталады

01.03.2024, 11:10 160

HALYQLINE.KZ

Премьер-лиганың биылғы маусымына 13 өңірден 14 клуб қатысады. Олар – «Ақсу», «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Елімай», «Жеңіс», «Жетісу», «Қайрат», «Қайсар», «Қызылжар», «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран» және «Шахтер».

Қазақстан чемпионаты 1 наурыз бен 10 қараша аралығында өтеді. Мачтардың көбі дәстүрлі түрде демалыс күндеріне жоспарланған.

Маусымның алғашқы ойыны еліміздің 7 дүркін чемпионы «Астана» мен 16 жылдан кейін Премьер-лигаға оралған «Жеңіс» арасында болады. Сөйтіп, чемпионаттың алғашқы ойыны астаналық дербиімен ашылады. Сонымен бірге бірінші турда ел чемпионы «Ордабасы» өз алаңында Қарағандының «Шахтер» клубымен кездеседі. Ал, Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдайды. Ойын Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда өтеді.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: