Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басты бағыт – балалар футболы

29.12.2021, 14:30 230

HALYQLINE.KZ Бүгінде «Қайсар» футбол орталығында 500-ге жуық балғын футболшы аладоптың қыр-сырын меңгеруде. «Қайсарды» оң бағытта дамыту үшін балалар футболына мән берілуі тиіс. Бүгін клуб директоры Жағыппар Жұмахметов футбол орталығының бапкерлерімен кездесіп, балалар футболының көкжиегін кеңейтуде жаңа жоспарларды нақтылауды ұсынды.

– Балғын футболшылар – ел футболы, оның ішінде «Қайсардың» болашағы. Сондықтан футбол орталығындағы әрбір қатысушыға баса назар аударуымыз керек. Орталықты дамыту үшін жаңа жоспарларды бекітуіміз тиіс. Жалпы, балалар жалғыз жаттығумен шектелмеуі керек. Алдыға ұмтылу үшін түрлі шеберлік сабақтарын ұйымдастыруымыз керек. Жаңа маусымда орталықтағы балаларды жаңа спорттық киімдермен қамтамасыз етуге жұмыс істейміз. Көктем айындағы «Арман» және «Жастар» республикалық турниріне дайындықтық жұмыстарын әзірден қолға алуымыз керек, – деді клуб директоры Жағыппар Насрадинұлы.

Айта кетейік, «Қайсар» футбол орталығында УЕФА-ның талаптарына сәйкес А, В, С категориялы 25 бапкер жұмыс істейді. Сондай-ақ, қыздар футболы да қарқын алып, бүгінде 2 команда ел чемпионатында бақ сынауда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: