Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бапкер: «Маңғыстаудан әлі талай чемпион шығады»

06.09.2021, 15:30 455

HALYQLINE.KZ Бокстан Қазақстан жасөспірімдер (ұлдар) құрамасы биыл Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Дубайда өткен Азия чемпионатында 4 алтын, 3 күміс және 5 қола медальға ие болып, командалық есепте екінші орын иеленді. Құрлық біріншілігіне маңғыстаудан Адайбек Ниязбай қатысып, 54 келі салмақта чемпион атанды. Азия біріншілігінде топ жарған спортшының жеке бапкері Аһрорбек Абдукаримовпен тілдесіп, әңгімесін жазып алған болатынбыз.

«Мені Маңғыстауға 2014 жылы Марат Жақиев және Ердос Жаңабергенов шақырып, қазір солармен жұмыс істеп жатырмыз. Жеті жылдан бергі еңбегіміздің жемісі. Шәкіртім Адайбек Ниязбай жарысқа жақсы дайындалды. Маңғыстаулық жаттықтырушылардың осындай ауызбірлігінің арқасында облыста дұрыс жұмыстар жүргізіліп жатыр. Амандық болса, Маңғыстаудан әлі талай чемпиондар шығады.

А.Ниязбай жастар құрамасына өтті. Келер жылы әлем чемпионаты, жасөспірімдер олимпиадасы бар соған дайындаламыз. Бізге бәрі көмектеседі. Әкіміміз қолдан келгенше жәрдемдеседі. Жасөспірімдер арасында финалға он өзбек боксшысы, ал Қазақстаннан жетеуі шықты. Біздің елдің боксшыларымен өзбектер кездеспеді. Басқа елдің спортшыларымен кездесті. Олардың нәтижесі бізден жоғары болғанымен, олардың бокстасу деңгейі бізден артық деп айта алмаймын. Өйткені біздің Қазақстанның үш боксшысы бірінші шыққан кезде Өзбекстанның үш боксшысымен шыққан еді. Олардың үшеуі де өзбектің үш боксшысын жеңді. Жігіттеріміз айқын басымдықпен, 5:0 есебімен жақсы дәрежеде жеңді. Дубайдағы Азия біріншілігі өте жоғары деңгейде өтті. Жарысқа он сегіз ел қатысты. Біздің команданың мерейі мен мәртебесі өсіп, жүлдемен оралуы – алдағы жарыстарға да жігер, сенім, үміт сыйлады.

Сұхбаттасқан Айбек МҰХАНОВ,

Маңғыстау облысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: