Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бала барыстар бозкілемде белдесті

23.09.2023, 20:15 133

Аймақтың 85 жылдығы және Қала күні мерекесі аясында бүгін шаһарда «Бала барысы» байрақты бәсекесі дәстүрлі жалғасын тапты. Облыс аумағынан 34 жасөспірім қатысқан жас балуандар додасының ашылуына қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев арнайы қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.

– Сайыпқыран ерлердің лайықты ізбасарлары сіздер барда қазақ күресінің келешегі кемел, болашағы жарқын боларына сенемін. Алдағы уақытта «Бала барысы» турнирінде айрықша күш-жігерімен танылған жас балуандар көптеген дүбірлі додаларда Алашқа олжа салады деп ойлаймын, – деді.

Қалалық ашық біріншіліктің баса назар аударатын бір ерекшелігі, балуандардың әрбір қимылы жоғары технологиялы VAR жүйесі арқылы бақыланады.

Жарыстың нәтижесінде «Бахадүр» лақап атымен қатысқан қызылордалық Болатбек Абылайхан «Көрермен көзайымы» атанса, ІІІ орын 50 мың теңге «Қола белбеу» «Сыр Қажымұқаны» лақап атын иеленген Жаңақорғандық Байзақ Қажымұқанға бұйырды. Ақтық сында қарсыласына есе жіберген «Баймолда ұрпағы» лақап атымен Баймолда Исламбек ІІ орын 100 мың теңге мен «Күміс белбеуді» қанағат тұтса, І орын 200 мың теңге және «Алтын белбеуді» қармақшылық «Семетей жалын» Әлихан Әлиасқаров жеңіп алып, арнайы жасалған ауыспалы «Тайтұяқты» қанжығасына байлады. Осылайша, Әлихан Әлиасқаров екі дүркін “Бала барысы” атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: