Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аргентина құрамасы әлем чемпионы атанды

19.12.2022, 8:50 430

HALYQLINE.KZ

Катарда өткен әлем чемпионатының финалында аргентикалық футболшылар бұған дейінгі әлем чемпионы Франция құрамасын жеңді.

Осылайша Аргентина әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.

Аргентина мен Франция арасындағы матчын футбол тарихындағы ең тартысты финалдардың біріне жатқызуға болады. Кездесудің 80-минутына дейін Аргентина 2:0 есебімен жеңіп келе жатқан. Голдардың бірін 35 жастағы әйгілі футболшы Лионель Месси пенальтиден соққан. Екінші голдың қарсылас қақпасына кіруіне де Месси үлес қосқан.

Алайда матчтың негізгі уақыты аяқталарға он минут қалғанда француздар есепті теңестіре алды – екі голды да 23 жастағы жас шабуылшы Киллиан Мбаппе салды.

Қосымша уақытта командалар бір-бір голдан соқты – бұл жолы да Месси мен Мбаппе гол авторы атанды.

Матчтан кейінгі пенальтиде де екеуі қақпаға гол соқты, бірақ аргентикалық футболшылар 11 метрлікте қателеспеді, ал француздар екі мәрте мүлт кетті: Кингсли Коман соққысын қақпашы Эмилиано Мартинес қайтарса, Орельен Чуамени қақпадан қисық тепті. Осылайша аргентиналықтар пенальтиде 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: