Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақтөбе ауылында спорт алаңы ашылды

04.10.2023, 17:30 162

Ақтөбе ауылында «Оңталап» шаруа қожалығының демеушілігімен спорт алаңы пайдалануға берілді.

Бұрын аталған ауылдың балалары мен жастары футболды шаңды бұрқыратып топырақта ойнайтын. Енді олар жаз айларында сырты қоршалған, табанына жасанды көгал төселген заманауи нысанда доп тебетін болды. Ал қыста корт іші хоккей ойнайтын, коньки тебетін мұз айдынға айналады.

Спорт нысанының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы жергілікті балғын футболшыларға спорттық доптарды сыйға тартты. Енді жаттығуына барлық жағдай жасалған Ақтөбе ауылының командасы аудандық және облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысуға мол мүмкіндік алды.

Өз сөзінде аудан басшысы: «Ұлт саулығы – стратегиялық тұрғыдан өте маңызды. Сол себепті аудан әкімдігі тарапынан спортшыларды қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады» – деді.

Спортты жанына серік еткен жас ұрпақ әрдайым жеңіс туын биік ұстап, аудан абыройын асқақтата берсін!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: