Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Амангелді Сейітхан жүлдесіне 16 команда таласады

20.05.2022, 12:00 337

HALYQLINE.KZ

Ертең Алматыда шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында қазақ телевизиясының майталманы, комментатор Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтеді. Еліміздің 8 өңірінен барлығы 16 команда қатысады. Қызылорда облысының намысын «Ақмешіт» құрама командасы қорғайды.

Саналы ғұмырын журналистикаға арнап, халықтың мұң-мұқтажын қаламмен тербей білген батыр былтыр 52 жасында мәңгілік мекенге аттанып кетті. Алайда футболды өзімен егіз қойған ағамыз өмірінің соңына дейін спортпен айналысты.

Амангелді Сейітхан атындағы алғашқы турнир отбасының ұйымдастыруымен өтеді. Турнир аясында Амангелді Сейітханның құрметіне шығарылған «Жеңісті күндерде жолыққанша» кітабының тұсауы кесіледі.

Турнирге қатысатын командалар:

Aikyn-Liter (Астана қаласы),

Dream-team Сейітхан (Алматы қаласы),

Effective media Liaison (Алматы қаласы),

Абай-ақпарат (Абай облысы),

Айтыскерлер құрамасы (Қазақстан Республикасы),

Ақмешіт (Қызылорда облысы),

Атырау құрамасы (Атырау облысы),

КТК (Алматы қаласы),

Қазақстан ТВ-Қазақ радиосы (Алматы қаласы),

Қарекет (Жетісу облысы),

Спорт журналистері (Қазақстан Республикасы),

Тұран-Түркістан (Түркістан облысы),

Түркістан телеарнасы (Түркістан облысы),

Шымкент (Шымкент қаласы),

Хабар (Астана қаласы),

Экспресс-К (Астана қаласы)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: