Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алмат Кебіспаев қарсыласы қай елдің балуандары екенін айтты

03.04.2023, 15:00 282

HALYQLINE.KZ 9 сәуір күні Астанада күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады. Оған отандасымыз балуан Алмат Кебіспаев қатысады.

Грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. Лондон олимпиадасына қатысушы (2012 ж), Азияның екі дүркін және бес мәрте әлем чемпионатының жүлдегері Алмат Кебіспаевпен хабарласып шағын сұхбат алдық:

«Елордамызда өтетін Азия құрлығының додасына да аз күн қалды. Жарысқа дайындалып жатырмыз. Астанада чемпион атанып, Қазақ елін қуантуға бар күш-жігерімді саламын. 67 кг салмақта сынға түсемін. Бұл салмақта Оңтүстік Корея, Иран, Өзбекстан, Қырғыстан, Үндістан мемлекетінің палуандары басты қарсыласым болады. Төрт күн бұрын Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына Қазақстан күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов ағамыз келіп, балуандарымен кездесіп сәттілік тіледі. Жақсы күресіңдер деп қолдауын білдірді. Барымызды саламыз, жеңуге тырысамыз!»

Айбек МҰХАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: