Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әсел Серікбай Әлем кубогына қатысады

02.06.2023, 18:08 189

HALYQLINE.KZ

Қызылордалық Әсел Серікбай шахматтан Әлем кубогына жолдама жеңіп алды! Бұл сүйінші хабарды облыстық мәдениет және спорт басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«26 мамыр мен 2 маусым аралығында Тәжікстанның Душанбе қаласында шахматтан Орталық Азияның аймақтық чемпионаты өтті. Чемпионат қорытындысымен жерлесіміз, Сыр елінің мақтанышы Әсел Серікбай Азия елдерінің ең мықты қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз атанып, шілде айында Бакуде (Әзірбайжан) өтетін Әлем Кубогіне жолдама алды.

Жаттықтырушысы –Василий Шимельков.

Шын жүректен Әсел қызымызды және барша Сыр елін жеңіспен құттықтай отырып, алдағы үлкен додада жеңімпаз атануына тілектеспіз!

Сәттілік Әсел! Сыр елі сенімен бірге!» деп жазды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: