Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зәкиева Сайн салған «сара жолмен» жүре ме?

12.06.2023, 11:25 187

HALYQLINE.KZ

2019 жылдың шілдесінен бері Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған Аружан Сайнның орнына Динара Зәкиева тағайындалды.

Аружан Сайн қазақстандықтарға негізгі ойын ана тілінде жеткізе алмайтындығымен , қоғамдық резонанс туғызған жағдайларға бей-жай қарайтындығымен танымал болды. Атына көптеген сын айтылса да, ол лауазымынан өз еркімен бас тартпады. Сыншы қауымға да жауап бермей, томаға-тұйық күйде жүретін.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне жаңа тағайындалған Динара Зәкиева да ана тіліне қырын қарайтындар қатарында. БАҚ өкілдеріне бірде бір рет қазақ тілінде сұхбат бермеген екен. Осы орайда Зәкиева алдыңғы басшы Сайнның «сүрлеуімен» жүре ме, әлде қазақ қоғамына жақындай ма деген заңды сауал туындайды. Динара Зәкиеваның уақыт еншісімен қалай жұмыс жүргізетіні көп кешікпей-ақ белгілі болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: