Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаныбек Әбдуов жаңа қызметке тағайындалды

01.12.2022, 17:40 1034

 HALYQLINE.KZ Әбдуов Қаныбек Шәрібекұлы Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының ақпараттық-мониторингтік бөлімінің бөлім басшысы қызметіне (көзделген міндеттерді арнайы тексеруден өткенге дейін уақытша міндетін атқарушы) тағайындалды.

Қаныбек Шәрібекұлы 1967 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолында республикалық «Жас Алаш» газетінен бастап облыстық «Сыр бойы», «Дала мен қала», «50 де 50» газеттерінің редакцияларында жауапты қызметтер атқарған. 2008-2015 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясында, 2015-2021 жылдары «Жаңақорған тынысы» газетінде, Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасына қарасты Өңірлік коммуникация комуналдық мемлекеттік мекемесінде, ЖШС «Сыр Медиа», «Сыр бойы», «Ақмешіт апталығы» газеті редакцияларында басшылық қызмет еткен.

2021-2022 жылдары Жаңақорған ауданы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.Шығармашылық жолында «Тереңге тартқан тағылым», «Ғаламат жылдар ғибраты», «Мен елімді бағаладым, елім мені бағалады», «Өмір өткелі», «Ауыл атауының ақиқаты», «Діңгек» секілді жиырмаға тарта кітабын қалың көпшілікке тарту еткен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: