Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды

27.04.2022, 9:10 534

HALYQLINE.KZ

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына Ерлан Төрәлиев тағайындалды.

Ерлан Кәрімбекұлы еңбек жолын Қызылорда қаласындағы «Фармация» акционерлік қоғамының экономист-менеджері болып бастаған.

Әр жылдары Қызылорда облыстық энергетика, құрылыс және тау-кен шаруашылығы басқармасының бас маманы, облыс әкімі аппаратында жауапты қызметтер атқарған.

Әр жылдары облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, осы салаға жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының құрылыс басқармасының бастығықызметтерін атқарды.

Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетінің су және су бұру басқармасының басшысы, «Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары, «Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін «Ер-Ару» ЖШС-нің құрылыс жөніндегі директоры лауазымын атқарып келді.

© Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: