Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы тағайындалды

04.01.2024, 8:50 115

HALYQLINE.KZ

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте кадрлық өзгерістер таныстырылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы лауазымына Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы тағайындалды.

Нұрлыбек Машбекұлы инспекцияның жаңа басшысын таныстырып, алдағы жұмыс бағыттары мен міндеттерін атап өтті.

«Қайратбек Әубәкірұлына Халықаралық Аралды құтқару қоры мен мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының шешімдерін орындауда, жүзеге асыруда табанды іс-әрекеттер жасауды, егіс алқаптарын, Солтүстік Арал теңізін сумен қамтамасыз етуді, Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу мәселелерінің оң шешілуіне жұмыс істеуді тапсырамын», – деді аймақ басшысы.

Қайратбек Әубәкірұлы Қызылорда облысы Сырдария ауданында 1961 жылы дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын «Инженер-гидротехник», Қазақ Ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ұйымдастырушы-экономисі», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист-бухгалтер», Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Сырдария су шаруашылығы басқармасының инженері ретінде бастаған. Әр жылдары осы басқармада аға инженер, бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 1986-1997 жылдары Сырдария ауданында түрлі басшылық қызметте болды. 1997-2013 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы, Сырдария ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының экономика және нарықтық қатынастар бөлімінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды. 2013-2020 жылдары Шиелі және Жалағаш аудандарының әкімі ретінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына аянбай еңбек етті. 2020-2023 жылдары Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшының орынбасары қызметтерін атқарды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: