Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Айдын Қайруллаев жаңа қызметке тағайындалды

10.05.2024, 17:38 182


Қызылорда қаласының әкімі Серік Қожаниязов кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысын таныстырды. Бірыңғай конкурстық комиссияның қорытындысы негізінде қала әкімінің өкімімен Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

«Айдын Бөкенбайұлы – мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп, сатылап өскен білікті де тәжірибелі маман. Маңызды салаларда басшылық қызмет атқарған, тапсырманы тиянақты орындайтын жауапкершілігі мол азамат. Айдын Бөкенбайұлы әлеуеті жоғары кадр ретінде өз жұмысын кәсіби деңгейде атқарады деп сенемін», – деді қала әкімі.

Айдын Бөкенбайұлы 1981 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген, жоғары білімді.

2002 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Журналистика», 2008 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясында редактор ретінде бастаған.

2002-2008 жылдары облыстық мәдениет басқармасының жетекші маманы, ҚР Ақпарат министрлігінің Қызылорда облысы бойынша ақпарат басқармасының жетекші маманы, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің бас маманы, облыс әкімінің баспасөз хатшысы, көмекшісі қызметтерін атқарған.

2008-2018 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, қала әкімінің орынбасары, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерінде болды.

2018 жылдан бастап осы кезге дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, орынбасары қызметтерін атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: