Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қырғызстанда президенттіктен үміткерлерге ат пен қой сыйлаған

29.12.2020, 9:00 415

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) президенттіктен үміткерлердің сайлауалды шараларда алып жатқан сыйлықтарын тексере бастады.

Ел аралап, үгіт-насихат жүргізіп жүрген үміткерлерге сайлаушылар төрт ат пен бір қой сыйлапты. Заңға сәйкес, тек сайлау қоры арқылы ақшалай қолдау көрсетуге болады.

Сыйға тартылған атқа төрт бірдей үміткер мініп үлгерді. Олардың арасында Садыр Жапаров пен Адахан Мадумаров та бар.

ОСК мүшесі Гүлнара Журабаева Facebook парақшасына үміткерлерге қолдау көрсеткісі келетін сайлаушылар тек сайлау қорына ғана ақша жіберіп, аты-жөнін ашық жариялауға тиіс екенін ескертті. Бұл ашықтықты қамтамасыз етеді деді ол.

Бұл ескертуден кейін президенттіктен үміткерлер атқа тек мініп, серуендегенін, сосын иесіне қайтарып бергенін мәлімдеді. Бірақ олар бәрібір ОСК тарапынан ескерту алды.

ОСК жұмыс тобы қазір журналистер көтерген тағы бір дауды қарап жатыр. Журналистер президент міндетін атқарған, қазір үміткер Садыр Жапаровты аймақтарда мемлекеттік күзет қызметінің оққағарлары күзетіп жүргенін байқаған.

Қырғызстанда президент сайлауы 10 қаңтарға белгіленген. Сол күні президент сайлауымен қоса Конституцияға өзгеріс енгізуге байланысты референдум өтеді.

Дереккөз: centralasian.org

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: