Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылудың жайы

23.11.2021, 16:45 51 0

HALYQLINE.KZ «Облыс бойынша 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымы ағымдағы жылдың 10 қазанынан басталды. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған әлеуметтік нысандарға және көп қабатты тұрғын үйлерге жылу тұрақты берілуде. Кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеуде» деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев.

«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК бойынша №9 бу қазандығы (№6 бу қазандығы резервте және №6 турбина консервацияда), 19 автономды блокты модульді қазандықтар жұмыс істеп тұр. «Оңтүстік қазандық» филиалында 4 қазандық жұмыс істеуде, 3 қазандық резервте, температуралық режим 58/46 градус, газдың тұтыну көлемі тәулігіне – 691 мың текше метр. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ келісімшарт негізінде газ отыны үздіксіз берілуде. Бұдан бөлек 10 күндік авриялық қоры 4,6 мың тонна мазут жасақталған. Сонымен қатар, тұрғындарға жоспар бойынша 140 мың тонна көмір отыны қажет болса, қазір оның 136 мың тоннасы (97 пайыз) жеткізілді», – деді Е.Мақсотұлы.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының апаттық-диспетчерлік қызметінің басшысы Базарбек Ерімбетовтің айтуынша, филиал жылыту маусымына байланысты қауіпсіздікті алдын алу және халық арасында насихаттау мақсатында тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

«Әрбір тұтынушы мұржада және желдету каналдарында тарту күшінің болмауы улануға әкелуі мүмкін. Түтін тартқыш және желдету жүйелерінің құрылғыларын өзгертуге, желдету каналдарын желімдеп тастауға, газ жабдықтарының түтін тартқыштарын желдету каналдарына қосуға, мұржаларды тазалауға арналған «қалталар» мен люктарды бітеп тастауға және желімдеуге болмайды. Сондай-ақ қысымның төмендеуіне байланысты көбінесе күз-қыс мезгілінде болатын «кері тарту» әсерінің пайда болуына байланысты мерзімді тексеріп отыруы керек. Адамдардың өліміне әкелетін жиі кездесетін бұзушылық – ол жуынатын бөлмелерде ағынды газ су жылытқыштарын (газ колонкаларын) орнату. Біздер, газ қызметінің мамандары жуынатын бөлмелерде ағынды су жылытқыштарын орнатуға тыйым салынатынын ескертеміз», – деді Базарбек Өтебекұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: