Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыл басынан бері 300-ге жуық адамды кене шаққан

27.07.2021, 14:47 207

Қызылорда облысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) табиғи ошағында орналасқан. Биыл өңірде КҚГҚ бойынша 113 елді мекен қолайсыз деп танылды. Эпидмаусымның басталуына орай қолайсыз елді мекендерде аса қауіпті жұқпалы ауруға қарсы  профиактикалық шаралар жүргізілуде. Энтомолог мамандардан тұратын 3 арнайы жұмысшы топ құрылып, елді мекендерде зоологиялық барлау жұмыстары жүргізді.

– Жыл басынан бері 288 тұрғын кене шағу бойынша медициналық көмекке жүгінген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 30 жағдайға көп. Ағымдағы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін облыс көлемінде  КҚГҚ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып тұр. Қызылорда қаласы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі аудандары бойынша ошақтар белсенділігінің артуы байқалуда, – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Мүтәліпқызы.

Бүгінгі күні облыс бойынша медициналық мекемелерде КҚГҚ-мен ауыратын науқастарды емдеу үшін вирусқа қарсы препараттар, иммундалған плазма және  т.б. қажетті құрал-жабдықтар қоры  жеткілікті.

Эпидемиологиялық маусымның басталғанына қарамастан тұрғындар мал шаруашылығымен айналысқанда сақтық шараларына мән бермейді, кене шағу жағдайында дер кезінде меициналық көмекке жүгінбеу  салдары ауыр жағдайға соқтыруы мүмкін. Әр адам өз денсаулығына барынша мұқият болуы тиіс. Ауру белгілері байқалған бойда тиісті ем-шара қолданылған жағдайда КҚГҚ індетінен толық айығып шығуға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: