Қазақстанда азаматтарға жұмысқа орналасуға проактивті түрде көмектесетін Цифрлық жұмыспен қамту қызметі іске қосылды. Үкіметтің мәліметінше, енді адам жұмыс іздемейді, керісінше жұмыс оның өзіне ұсынылады. Жүйе жұмысқа мұқтаж азаматтарды автоматты түрде анықтап, оларға лайықты бос жұмыс орындары туралы ақпарат жібереді.
Бос жұмыс орындары туралы хабарламалар азаматтарға eGov, Enbek порталы арқылы немесе 1414 нөмірінен SMS түрінде келеді.
Сервисті іске қосу бойынша алғашқы пилоттық өңір ретінде 2026 жылғы шілдеде Павлодар облысы таңдалды. Өңір тұрғындарына 39 мың SMS-хабарлама жіберіліп, нәтижесінде 962 адам жұмысқа орналасты.
Жаңа қызметті қыркүйек айында Маңғыстау облысында енгізу жоспарланып отыр. Ал жыл соңына дейін жүйені еліміздің барлық 20 өңіріне енгізу көзделген.
Фото: Ашық дереккөз
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!