Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жұмағалиевтің сөзіне жұрт сене ме?

01.07.2020, 11:10 488 0

Абайдың «Интернатта оқып жүр, Талай қазақ баласы» дейтіні бар ғой. Эпидахуал күрделенген кезде қазақ баласы интернатта емес, интернетпен оқуға мәжбүр еді. Расы сол, қашықтан оқуға білім саласының дайындығы мүлде болмады. Мұны бас мұғалім Асхат Аймағамбетовтің де өзі айтқан. Бұдан бөлек, сол тұста елдегі интернет сапасының деңгейі де білініп қалды. Ал дүние дидары 5G желісін іске қосып, іргедегі Қытай елі 6G-ді сынауды бастап жатыр. Естеріңізде болса, 2017 жылы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қолға алынып, оны іске асыруға 310 млрд теңге (141 млрд – мемлекеттік бюджеттен, 169 млрд – квазимемлекеттік сектор) бөлінген еді. Дәл қазіргі жағдайды бағамдай отырып «осынау миллиардтаған қаржы өз мақсатына жұмсалды ма?» деген сұрақ өзінен-өзі туындайтыны рас.

Кейде, бұқара мен билік екі бөлек әлемде өмір сүріп жатқандай көрінеді. Бұл пікірді айтқың-ақ келмейді. Бірақ көз көріп, құлақ естіп отыр ғой. Сондықтан сол сөзді айтуға мәжбүрміз. Мәселен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «Қазақстан – интернетке қолжетімділік бойынша әлемде көшбасшылардың бірі» деп отыр.

Бүгінгі күні дамыған инфрақұрылым цифрлық сауаттың артуына өз әсерін тигізеді. Әсіресе, елді мекендерді айта кетсек, қазіргі таңда еліміз – интернетке қолжетімділік бойынша әлемде көшбасшылардың бірі. Елдегі интернеттің тартылу деңгейі – 86,8%. Бүгінгі таңда инфрақұрылымды дамыту бойынша елімізде 2 ірі жоба іске асуда. Ол – ауылдарға кеңжолақты интернетті жеткізу. Осының нәтижесінде интернеттің қолжетімділік деңгейі 99,3%-ға жетеді, – деді министр Үкімет отырысында.

Жұмағалиевтің қандай статистикаға сүйенгенін қайдам, осы министрлік жақында ғана халық саны 250-ден асатан елді мекендерге 3G /4G ұялы байланыс желілері салынатын 928 ауылдың тізімін жариялады. Осы тізімге енбей қалған ауыл-аймақ әлі де баршылық. Мәселен, Қызылорда облысында 230-дан аса елді мекен болса, соның 89-ы 3G, 4G секілді жоғары мобильді интернетке қосылмаған.

Министр Асқар Жұмағалиевтің ақпараты қаншалықты рас екенін білмеймін. Бірақ менің ауылым (Жаназар батыр ауылы) Қызылорда қаласынан небәрі 50 шақырым жерде орналасқан. Қанша жылдан бері интернет мәселесін ел болып көтеріп келіміз. Мұны министрліктің өзіне де жазғанбыз. Алайда еш нәтиже жоқ. Жергілікті атқарушы орган бұл мәселенің министрлік тарапынан шешілетінін айтады. Жақында ғана биыл мобильді интернет баратын елді мекендердің тізбесі белгілі болды. Оған Жаназар батыр ауылы енбеген екен. Министрлік мұны «қаржылық жағдайға байланысты Жаназар батыр ауылы тізімге енген жоқ. Сондықтан осы мәселені жергілікті атқарушы орган жеке кәсіпкерлермен немесе арнайы ұялы байланыс операторларымен бірлесіп шешу керек» деп хабар берді. Облыс орталығынан 50 шақырым жердегі ауылдың мәселесін шеше алмаған министрліктің «Қазақстан – интернетке қолжетімділік бойынша әлемде көшбасшылардың бірі» дегеніне сене қоймаймын. Бейресми ақпараттарға сенсек, келесі оқу жылы да қашықтан оқытылады деп жатыр. Бұған біздің ауыл қаншалықты дайын? Өйткені, оқушылар мен студенттер 4-тоқсанды өте қиындықпен өткерді. Әбден әбігерге түсті,- дейді Шиелі ауданы, Жаназар батыр ауылының тұрғыны Ерқанат Сәрсенбай.

Үкімет отырысында «көшбасшының біріміз» деп мәлімдеген министр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте ескерту алды.

Пандемия елді цифрландырудың бүкіл кемшілігін айқындап берді. Мәліметтердің үлкен қоры жиналатын денсаулық сақтау саласында да сол жағдай. Ал жағдайды мониторингілеу әлі де болса қолмен жазу режимімен жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты тиісті ведомствоның басшысы Асқар Жұмағалиевке ескерту жариялаймын, – деді Президент.

Егер елдегі цифрлық технологиялар (интернет желісі) Жұмағалиев айтқандай болса, президенттің оған ескерту бермейтіні айдан анық. Демек, сөз бен істің арасында әлдеқандай алшақтық болып тұрғаны да…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: