HALYQLINE.KZ Аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі жаяу жүргіншілер жолының күрделі жағдайда екені ешкімге құпия емес. Бұл мәселе тұрғындар тарапынан жиі қозғалып та жүр. Әрі бұл Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаевтың тұрақты назарында тұрған тақырып.
Осыған орай Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров аудан басшысының тапсырмасына орай бірнеше көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жоба дайындады.
Мәселен, аудан орталығының 5 квартал аймағындағы Қорқыт ата мен М.Дулатов көшелерімен оқушылар жаңадан салынған №276 мектепке қатынайды. Сондай-ақ, биыл тротуар салуға ұсынылған жолдардың қатарында Т.Бөріқұлақов, Қ.Сәтбаев, Т.Бокин, Р.Сабырбаев көшелері де бар.
Әйтеке би кентінің көшелерін аралаған Мұхтар Әуесұлына кент әкімі Қайрақбай Орынбасаров тротуарлар салынатын көшелерді көрсетіп, қажетті қаржы көлемімен таныстырды. Аудан әкімі болса Қ.Орынбасаровқа Қартақов көшесіне гравий тас төсеу үшін қажетті қаржы көлемін есептеп, ұсыныс беруді тапсырды. Сондай-ақ Қ.Сәтбаев көшесіне салынған жаттығу алаңының құрылысын көріп, қосымша атқарылатын жұмыстарды сапалы етіп жасау қажеттігін айтты.
Жұмабек Табынбаев,
Қазалы ауданы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!