Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолшылар Наурыз мейрамын тойлады

20.03.2024, 14:00 213

Ұлыстың ұлы күнінде аймақтың жол саласы мамандары бірігіп әз-Наурызды атап өтті. Ардагер жолшылар да ұмыт қалмай мерекелік іс-шараның қадірлі қонағы болды.

«ҚАЖсервис» ЖШС өндірістік учаскесінде өткен думанды кеште жолшылар алдымен көшет отырғызып, айналаны көгалдандыруға атсалысты. Мұнан соң қазақтың ұлттық ойындарынан сайыстар ұйымдастырылып, жолшылар асық ату мен ләңгі тебуден жарысты. Тіпті, 70-тің белесін бағындырған ардагерлер де сайысқа түсіп, жастарға үлгі-өнеге көрсетті. Мерекелік іс-шара соңында Ораза ұстаған жандарға ауыз ашар беріліп, сауапты іспен түйінделді.

«Жалпы әз-Наурызға аймақтағы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «ҚАЖсервис» ЖШС, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК мекемелерінен 100-ге жуық адам қатысып, ұлыстың ұлы күнін биыл кең көлемде атап өтуді жөн санадық. Жол саласында еңбек етіп жүрген әріптестеріміз керемет көңіл-күйге бөленіп, Наурыз мейрамын айрықша сезінді», – деді «ҚАЖсервис» ЖШС директоры Нұрбол Абызбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: