Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жеті жоба жүзеге асады

22.12.2021, 10:00 245

HALYQLINE.KZ Облыстағы 230 ауылдық елді мекеннің 85 пайызы орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған. Яғни, тұрғындардың 97 пайызы таза ауызсумен қамтылған. Ал ауызсу тарифі өзгеріссіз қалады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов хабарлады.

– Бүгінде Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр қалаларында орталықтандырылған ауызсумен толықтай қамтамасыз етілген. Ал 230 ауылдық елді мекеннің 195-і орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған. Бұл – республика бойынша алдыңғы көрсеткіштердің бірі. Алдағы жылдары өңірдегі 20 ауылға ауызсу жүйесі тартылады. Сонымен қатар, 2022 жылы республикалық бюджет есебінен ауызсу және кәріз жүйелерін жақсарту бойынша 7 жоба жүзеге аспақ. Айта кететін жайт, алдағы уақытта ауызсу бағасы 30-40 теңгеден көтерілмейді, – деді Ерлан Жоламанов.

Қала тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету үшін күнделікті 50 ұңғымадан тәулігіне 38,0 мың текше метр ауызсу өңдірілуде. Жыл сайын қыс мезгілінде күнделікті 58 ұңғымадан 40-42 мың текше метрде таратылып келеді. Осы уақытқа дейін қолданыстағы ескі ауызсу құбырлары ажыратылып, тұрғындар жаңа жүйеге қосылды.

– Биылғы жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес, кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жалпы соммасы 99 408,48 мың тенгені құрайтын 6 сумен жабдықтау және 6 сарқынды суды бұру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді «Қызылорда су жүйесі» МКК басшысы Нұрлан Өтепов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: