Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Желтоқсанда Қазақстанда күн райы қандай болады

16.11.2026, 18:00 61

HALYQLINE.KZ

Синоптиктер биыл желтоқсанда Қазақстанда күн райы қандай болатынын айтты. Қыстың алғашқы айында ауа температурасы нормадан жоғары болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Қазгидромет» 2026 жылғы желтоқсан айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, желтоқсанда республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болады.

Ал Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының оңтүстік-шығыс бөлігінің басым аумағында, Жетісу облысының шығыс жартысында және Алматы облысының шығысында температура климаттық нормаға жуық болады.

Желтоқсан айындағы жауын-шашын мөлшері республиканың барлық аумағында климаттық нормаға жуық болады деп болжанып отыр.

Республиканың басым бөлігінде және елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда ауаның орташа айлық температурасы -5…-13°С, Шығыс Қазақстан облысының қиыр шығысында -17°С шамасында, ал елдің оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігінде -4…+3°С аралығында болады деп күтіледі.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: