Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастарды жұмысқа шақырады

17.08.2021, 18:16 655

Облыстық жастар ресурстық орталығы Ұлттық санақтарға дайындық және өткізу жөніндегі нұсқаушы-бақылаушы бос лауазымына жұмысқа тұруға шақырады.

Нұсқаушы-бақылаушы (139 адам саны) өтеулі қызметтер көрсету шарты негізінде, өз жұмыстарын 2021 жылғы 24 қыркүйектен бастап 7 қараша аралығы кезеңде Қызылорда облысының қалалары мен аудандары бөлінісінде атқаратын болады.

Лауазымдық міндеттері:

2-кезеңнің интервьюерлерінің жұмысын бақылауды жүзеге асыру;
– инструкторлық және есеп учаскелерінде санақпен қамтудың толықтығын қамтамасыз ету;
– инструкторлық учаскені 2-кезеңнің интервьюерлерінің есептік учаскелерінің сұралған тұрғындарының 10% бақылау айналмасын жүргізу (бақылау айналмасы);
– алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету;
– санақ құралдары мен басқа да құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және т.б.

Есеп учаскелері бойынша аралау үшін планшеттегі «халық санағы» мобильді қосымшасы арқылы:

Тапсырмаларды алу;
Санақ парақтарын толтыру: 1ПП, 2ж, 3И, 4В;
Күнделікті есеп құрастыру және VPN-арна арқылы «Аудандастыру» АЖО АЖ жіберу;
USB кабелі арқылы 2-кезеңнің интервьюерлерінен деректерді жинау;
Деректерді USB кабелі арқылы уәкілетті тұлғаға беру
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім, немесе орта білім, ПК-ны еркін меңгерген, бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстарында базалық білім.
Үміткер жұмысқа қабылданардан бұрын коронавирус тудыратын аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында ВАКЦИНАЦИЯЛАНҒАН болуы тиіс.

Кәсіби құзыреттілігі:

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
– Резюме;
– Жеке куәліктің көшірмесі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін.


Облыстық жастар ресурстық орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: