Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастар жәрдемдесуде

09.07.2021, 17:42 412

Баршаның назарындағы Арал ауданында болған экологиялық жағдай Сыр жастарын да алаңдатып отыр. Аталмыш аудандағы су тапшылығы тұрғындардың ата кәсібінің құлдырауына әкеп соғуда. Осы ретте, аймақ жастары аралдық жерлестеріне гуманитарлық көмек көрсету мақсатында Облыстық жастар ресурстық орталығы жариялаған «Жастардан жәрдем» атты акцияға үн қосуда.

Күні кеше Облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары, «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері, «Ақмешіт апталығы» газетінің журналистері, облыстық «Волонтерлық фронт-офисінің» еріктілері қала шетіндегі егістік алқабына барып, шөп орып, Арал ауданына жолданатын жем-шөп керуеніне өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, аймаққа қарасты аудандардың әкімшіліктері, ондағы «Жастар ресурстық орталықтарының» қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, еріктілер аталмыш игі шараға атсалысуда.

Апта соңына қарай жастар мен еріктілердің еңбегімен және кәсіпкерлер мен меценаттардың қолдауымен жинақталған жем-шөп, мал азықтары «ЖАСТАРДАН ЖӘРДЕМ» атты керуен болып Арал ауданына жолға шықпақ.

Осы орайда Облыстық жастар ресурстық орталығының ұжымы барша аймақ жастары мен еріктілерге және журналистерге қайырымдылық әрекеттері үшін алғыс білдіреді және гуманитарлық көмек керуеніне үлес есебіндегі мал азықтарының әлі де жинақталып жатқанын хабарлайды!

Облыстық жастар
ресурстық орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: