Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастар арасында ұлттық ойындар сайысы өтті

18.03.2022, 16:15 711

HALYQLINE.KZ Бүгін қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Ақжарма ауылдық округінде 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай кент және ауылдық округ жастарының басын қосқан «Qosyl думан» мерекелік шарасы өтті.

Мерекелік шарада ауыл жастары арқан тартыс, аударыспақ, теңге ілу, асық,  гір көтеру сынды ұлттық спорттың түрлері бойынша сайысқа түсті.

Бұқаралық спортты дамыта отырып, жастардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада командалық есеп бойынша І орынды – Қосшыңырау ауылдық округінің жастары жеңіп алса, ІІ орынды – Ақжарма, ІІІ орынды – Ақсуат ауылдық округінің жастары иемденді. Сайыс жеңімпаздарына алғыс хат, диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.

Шара барысында қатысушылар мереке айшығының бірі болып саналатын ағаш отырғызу ісіне қатысып, ондаған түп көшет егілді. Көпшілікке Наурыз көже ұсынылып, бауырсақ таратылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: