Бүгін Жаңақорған ауданында 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күні «Рәміздер рухы – Конституция күші» атты салтанатты іс-шара өтті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Рәміздер алаңында өткен мерекелік іс-шарада ең алдымен Гимн шырқалды.
Мазмұнды іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақтияр Ахметов қатысып, жиналған қауымды мерекемен құттықтап, бірқатар сала қызметкеріне Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Патриоттық жиын барысында мемлекеттік органдарға жаңадан жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметкерлер салтанатты түрде ант берді.
Айтулы мерекеде патриоттық әндер орындалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!