Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жаңа Қазақстанды құруға атсалысу – әрбір азаматтың борышы»

12.01.2022, 12:00 217

HALYQLINE.KZ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзіне орай жаңа Қазақстанды құруға атсалысу – әрбір азаматтың борышы.

Мемлекет басшысы қоғамда қалталылар мен әлжуаз топтар арасындағы алшақтықтың артып кеткенін, мемлекеттік аппараттың төмен кәсібилігін және өңірлердің табысындағы айырмашылықты азайту бойынша концептуалды тапсырмалар жүктеді.

Ел аузында жүрген ірі мәселелердің басын ашып, жақын болашақта саяси жүйенің реформалауды талқыға шығаратынын айтты.

Бүгінде Тәуелсіздік тарихындағы қиын күндері өткеріп отырмыз. Сол себепті жаңа Қазақстанды құру жолында бүгін айқындалған мақсат-мүдделерді жүзеге асыру үшін Мемлекет басшысына қолдау көрсетуіміз керек.

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА,

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: