Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа клубтың іргетасы қаланды

20.04.2022, 11:35 376

HALYQLINE.KZ «Мәдениетсіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деген даналық сөз баршаға белгілі. Елімізде мәдениет саласын дамыту қашанда назарда тұр. Мұндай көрініс Қазалы ауданында да көрініс табуда. Аудан орталығынан жырақ орналасқан Кәукей ауылында 100 орындық клубтың іргетасы қалануы сөзіміздің дәлеліндей.

Іс-шара барысында сөз алған Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев бой көтеріп жатқан жаңа нысанның ауыл тұрғындары үшін аса пайдалылығын, әсіресе балалардың мәдениетке, білім мен ғылымға деген ынта-ықыласы арта түсуіне септігі мол екендігіне тоқталды..

Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы халықтың қуанышымен бөлісуге арнайы келген Қазалы аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов, облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп, аудандық мәслихат депутаттары Ғазиз Әліш, Райымбек Бөлебаевтармен бірге жаңа нысанның іргетасын қалау рәсімін жасады.

Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға құрылысы басталған жаңа нысан келесі жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарын «SCS Инжиниринг» ЖШС жүргізуде.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: