Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа баспана бақытты балалық шаққа бастайды

01.06.2022, 16:45 523

HALYQLINE.KZ «Балалар жылы» және атаулы мерекеге орай облыс көлеміндегі көпбалалы отбасыларға пәтер кілті табысталды. Іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, шаһар басшысы Асылбек Шәменов, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов қатысты.

 Жаппасбай батыр көшесінде орналасқан тұрғын үй 50 отбасыға бұйырды. Қызыл кірпіштен қалаған көпқабатты тұрғын үйдің кілтін табыстау салтанатында облыс әкімі құттықтау сөз сөйледі.

– Биыл басқа жылдарға қарағанда балаларымызға ерекше қамқор жасалатын болады. Көкшетау қаласында оқып жатқан дарынды балаларымызға жолдамалар берілді. Қалада 100-ден астам велосипед, аудандарда 50-ден астам велосипед сыйға тартылды. Тек бүгін ғана емес, жыл бойында, жыл көлемінде балаларға ерекше қамқорлық көрсетілетін болады. Биыл демеушілеріміздің арқасында, жұмысшыларымыздың арқасында 1 миллиардқа  жуық қаражатқа 50 спорт ойын алаңын саламыз деп жоспарлап отырмыз, – деді ол.

«Ең бірінші облыс басшысына, құрылысшыларына көпбалалы ата-аналар арасынан алғыс білдіремін. Балаларымыздың болашағын ойлап мектеп те жақын жерде орналасқан, сонда білім алады. Қуынышымыз шексіз, еңбектеріңізді бағалаймыз, құрметтейміз!» деп, алғысын білдірді салтанатты рәсімге қатысушы аналардың бірі.

    Іс-шараның арнайы қонағы Бекмырза Еламанов та қалыс қалмады. Ол пәтер бұйырған  отбасыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Мұхаммедшах КАЮП,

студент

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: