Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жанболат Мамайды белгісіз біреулер ұрып кеткен

11.01.2022, 15:35 715

HALYQLINE.KZ Алматыда тіркелмеген «Демократиялық партия» жетекшісі, белсенді Жанболат Мамайды белгісіз біреулер ұрып кеткен. Бұл жөнінде әйелі Инга Иманбай Facebook парақшасында хабарлап, басы таңылған суретін жариялады.

«Жанболат Мамайға 5 қаңтар күні қаруланған белгісіз арандатушылар қастандық жасады. Біреуі тапаншадан оқ атуға ұмтылғанда қылмыскерді белсенді Қайрат Ердебаев тоқтатып, Жанболатты өлімнен арашалады. Сол жердегі халықтың көмегімен басы жарылып, қатты соққыға жығылған Жанболатты арандатушылардан құтқарып қала алдық. Бірнеше күн жағдайы ауыр болды. Қазір денсаулығы дұрысталып келе жатыр» деп жазды белсенді.

Инга Иманбайдың айтуынша, 5 қаңтарда Республика алаңына мыңдаған адам жиналғанын естіген Жанболат Мамай мен партияның өзге де мүшелері алаңға келген. Сол жерде агрессиялы топтың өкілдері Мамайға тапаншамен шабуыл жасаған.

Инга Иманбай оқиғаға байланысты полицияға шағым түсірмегенін айтты.

Оның алдында бір күн бұрын Жанболат Мамайды полиция Алматыда жүздеген адам қатысқан «Жаңаөзендегі наразылықты қолдау» акциясы кезінде ұстап, кейін босатқан еді.

Пікірлер:
  • Жанболат Мамай казак халкынын тыныш омip cypyiне,ар казак бас паналы болуын калауда, жумыссыз болмауын, толем акылары жогары болуын калауда.Шындыкты жактырмайтын шенеуниктер,жемкорлар,казак жерiн талан-таражга салып отырган,елiмiздегi бар байлыкты урлагандарын ашык айканы ушiн icmeлiп отыр.Президенттiн кол шокпарлары мен жагымпаздарынын icmeп отырганы. Осыны бiле тура Касым жомарт Токаевтын бiлмей,естiмей отырганы президенттik cmamycына датпайтын ic. Бул деген Жанболат Майдан корыкканы «Казактан!»корыкканы деп бiлем.Каншама бiлiмдi санлактарымыз кыршын кеттi. Мына макал:»Рыба гнеет с головы!»деген бiздiн бастыктарга арналган.Осыны бiле тура icmeп отырган.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: