Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалпықазақстандық ашық диктант жазу шарасы өтті

03.09.2021, 13:33 350

HALYQLINE.KZ 2021 жылғы 3 қыркүйек сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастырумен этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант жазу шарасы өтті.

Ауқымды шара этномәдени бірлестік өкілдері, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, кітапхана қызметкерлерінің, этнос жастарының, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен Достық үйінде, облыстық Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында, облыстық Жастар ресурстық орталығында және барлық аудандардарда ұйымдастырылды. Диктант мәтінін облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандары оқыды.

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында өткізілген диктант жұмысына облыстық басқармалардан 20-дан аса мемлекеттік қызметкер қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: