Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалған түбіртек қолданған алаяқ ұсталды

18.01.2023, 17:30 171

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласы полиция басқармасына  ірі сауда үйінің иесі қаңтар айының 14 күні арызданған. Өткен жылдың 22 қарашасы күні белгісіз азаматша WhatsApp желісі арқылы онлайн түрде ең алғаш 514 мың теңгеге әйелдер сырт киімдеріне тапсырыс беріп, такси арқылы зат алған. Одан кейін де әккі алаяқ бұл ойын тағы да іске асыру мақсатында басқа абоненттік номер арқылы тапсырысты қабылдаушыға бірнеше жалған түбіртек жіберіп, «Индрайвер» арқылы Шымкент қаласына заттарын салдыртып отырған. Бірақ ешқандай қаражат аударылмаған.

Тапсырысты қабылдаушы  сатып алушы әйелдің іс-әрекеті күдік туғызғандықтан және тексеру барысында оның «салған аударымы» есепшотына түспегендіктен дереу Қызылорда қаласы полиция басқармасына келіп, көмек сұраған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен  (Алаяқтық)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті  Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.    

                                  Қызылорда қаласы  ПБ баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: