Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 19 той тоқтатылған

19.10.2020, 16:45 606

HALYQLINE.KZ Қазан айының 16-17-сі күндері карантиндік талаптарды сақтамаған 25 заң бұзушылық фактісі тіркелді. Аталған заң бұзушылықтар қала әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топтың қалалық полиция басқармасымен бірлесіп жүргізген рейд жұмыстары барысында анықталды.

Карантин кезінде санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шара кезінде ескертуді елемей ұйымдастырылған 19 дәстүрлі отбасылық той тоқтатылып, шектеу шараларының шегінен шыққан 6 компьютерлік ойын-сауық орталығына анықтама толтырылып, шара көру үшін уәкілетті органға жолданды.

Рейд барысында қала орталығындағы «Esperanza» мейрамханасы, С.Торайғыров көшесі мен Астана даңғылында жеке аулада ұйымдастырылған үйлену тойлары, Қосасар және Каспий көшелеріндегі құдалық тойлары тоқтатылып, «Бункер», «Совор», «I game» плестейшин және компьютерлік орталықтарының жұмыс істеп тұрғаны белігілі болып, ойын-сауық орталығының әкімшісіне анықтама толтырылды.

Айта кетейік, мониторингтік топ індетпен күрестің алғашқы күнінен меншік нысанына қарамастан барлық субъектілердің санитариялық-дезинфекциялық талаптарды сақтауын қадағалап, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгінге дейін мониторингтік топ 10 000-ға жуық нысанды аралап, рейд жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан карантин режимін сақтамаған 134 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, шара көрілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: