Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Жұмбақ өлімнің алдын ала себебі айтылуда

06.02.2023, 10:30 310

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаменті өкілдері мұнай компаниясы қызметкерлерінің өлімінің себебі алдын ала мәлімет бойынша белгісіз заттан улану болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қызылорда облысында 3 ақпанда «Қазспекторстрой» ЖШС мердігерлік компаниясының екі қызметкерінің қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша тіркелді», – делінген Полиция департаменті хабарламасында.

Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қазір болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, олар белгісіз заттан уланып қайтыс болды», – деді ведомство өкілі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: