Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Пиротехника» іс-шарасы өтіп жатыр

21.12.2020, 18:10 576

HALYQLINE.KZ

Елімізде жаңажылдық отшашуларды (пиротехникалық заттар) заңсыз саудалайтындардың қатары мереке жақындаған сайын көбеймесе, азаяр емес. Тәртіп сақшыларынан бой тасалаған алыпсатарлар қуыс-қуысты жағалап, тарсылдақтарды балаларға да именбей саудалайтыны бар. «Сақтансаң, сақтармын» деген, пиротехникалық заттарды дұрыс қолданбаудың салдарынан зардап шегетін жайттар да жиі кездеседі.

Осындай сақтық шараларына мұқият болу үшін Көліктегі полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, 2020 жылғы 15 желтоқсан мен 2021 жылдың 7 қаңтары аралығында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Басты мақсат – Жаңа жыл мерекесін өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдар айналымының белгіленген қағидаларын сақталуын бақылау.

Осыған орай, теміржол вокзалдарында, перрондарда және жолаушылар поездарында төтенше жағдай бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың бейберекет саудасы, рұқсат құжаттарынсыз сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. 

Барлық анықталған фактілер бойынша кінәлі адамдарды заңнамаға сәйкес, жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданатын болады.

А.Бахытов,

Қызылорда ст. ЖПб ст. ЖПб АҚҚАБт инспекторы, полиция капитаны

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: