Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бас бостандығынан айрылуы мүмкін

14.06.2023, 9:41 186

HALYQLINE.KZ

Белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мемлекеттік айыптаушы «Астекс», «Мудараба капитал» қаржы пирамидаларын құрған танымал вайнерлерге осындай жаза кесуді сұрады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Прокурор ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына кірді деп тағылған айыпты дәлелдің (Төребев пен Шерниязовқа қатысты – ред.) жоқтығына байланысты алып тастауды ұсынған. Дегенмен, аталған екі азамат бәрібір жауапкершіліктен құтыла алмайды. 200-ге жуық адамды сан соқтырып кеткен өзге тоғыз айыпталушы 8-15 жыл аралығында арқалауы мүмкін.

Тергеу мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі – Алмас Құрманғалиев. Оның көмекшісі Дания Рахымованың банктегі шотынан 220 миллион теңге, «Астекс» компаниясының құрылтайшысы әрі директоры Ерлан Мансұровтан 800 миллион теңге табылған.

«Мудараба капиталдың» басшысы Руслан Бурканов ортада делдал болыпты. Оған клиенттермен келісімшарт құру, ақша алу сынды міндет жүктелген. Ал салымшылардан түскен қыруар қаражат мейрамхана, көлік, шұжық шығаратын цех сатып алуға және тағы басқа бизнеске жұмсалған.

Жалпы, келтірілген шығын 5 миллиард теңгеден асады. Жарты жылға жалғасқан атышулы істің соңғы нүктесі алдағы күндері қойылуы мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: