Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кезекті алаяқ қолға түсті

05.05.2022, 18:00 604

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық Полиция басқармасына алаяққа алданған тағы бір тұрғын арыз түсірді.  Алданған азаматшаның айтуы бойынша танысы бос жердің құжаттарын рәсімдеп беремін деген желеумен 1 млн теңге көлеміндегі қаражатын алдап алған.  Алаяққа алданғандығын түсінген әйел  полицияға  жүгінуге мәжбүр болған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде алаяқтық қылмысына күдіктелген азаматша анықталып, ұсталды.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: