Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Білім бөлімінің басшысы ұсталды

20.11.2023, 15:05 281

HALYQLINE.KZ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім саласында сыбайлас жемқорлық схемасын әшкереледі.

Жедел-іздестіру іс-шараларының қорытындысы бойынша Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Бағдат Тұрғанбаева ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол аз қамтылған отбасы балаларын азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушінің жұмысты аяқтағаны туралы актілерге қол қойып, ақшалай қаражат аударғаны және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді.

Соттың рұқсатымен күдікті қамауда отыр.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: