Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Уақыттың қадірі

29.04.2021, 9:30 1340

Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе – ол уақыт. Адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Оның адамға бағынбайтын өз заңдылығы бар. Уақытты зая кетіру – ең ауыр өкініш. Уақытын қадірлемеген жан көптеген мүмкіндіктен айырылып қалады. Адам баласы уақытын ұтымды пайдалана білгенде ғана көздеген мақсатына жете алмақ.

«Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: Қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін біл, ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін біл, кедейліктен бұрын байлықтың қадірін біл, қысылтаяңнан бұрын бос уақытты қадірле және өлмей тұрып, тірлігіңді ғанибет біл» деген сөз осыдан қалса керек.

Уақытты тиімді пайдаланудың бір жолы – уақытыңызды босқа алатын әлеуметтік желілерде отырудан, телефон арқылы ұзақ сөйлесуден арылу. Әр күнге ойға алған істеріңіздің тізімін жасап отырсаңыз, жоспарланған әрекеттер оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Алмагүл  Нағымет,

Жалаңтөс  Баһадүр  Сейтқұлұлы  атындағы  олимпиадалық  резервтің облыстық  мамандандырылған  мектеп-интернат  колледжінің  мұғалімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: