Жазбайын дейсің, жазғызады!..
Ұшық – қазаққа жақын сөз. Менің түсінігімше, ұшық – адамға жағымсыз нәрседен, тіпті жиіркенішті сөзден, өзі қабылдамайтын, денесі тітіркенетін құбылыстардан пайда болатын ішкі күйзеліс нәтижесі. Қайталап айтамын, бұл менің жеке пікірім. Медицина не дейді?! Онда менің шатағым жоқ.
Осы ұшық маған көре-көзге бір орыс қатыннан жұқты. Әзірге ем қонбай тұр. Бір қызығы, ақпарат көздерінде жарияланған жағымсыз хабарларды естіп, оқыған сайын ұшығым да күшейіп бара жатыр. Ал, бүгінде жағымсыз хабар өте көп екенін жұрттың бәрі біледі. Енді не істеу керек?!.. Қалай ғана жұқты?!..
Әлі есімде, 2009 жылдың желтоқсан айының басында, мен аса құрметтейтін журналистің бірі, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау Халықаралық қорының сарапшысы Ғалия Әженова маған телефон шалды.
Аман-саулықтан кейін:
– Нұрбай, желтоқсан айының 11-і мен 14-і аралығында журналистерге арналған қызықты жиын болғалы жатыр. Соған қатыса аласың ба? – деді.
– Қай жерде?
Сұрағым да жедел болды.
– Алматыда.
– Жарайды. Директорыммен келісіп барамын. Мен «Үмітті Арал» газетінің редакторы болғаныммен, мектепте мұғалім болып қызмет атқарамын ғой.
– Онда жарайды. Келетін-келе алмайтыныңды хабарлап жіберерсің.
Бұл хабардан соң, үйде байыз тауып отыра алмадым. Дереу мектеп директорымен келісіп алдым. Сабағымды реттедім.
Межелі уақытта, межелі жерге жеттім. Жиын Алматы қаласының түбіндегі «Табаған» демалыс орталығында болады екен. Ертерек жеткен екенмін. Мені «Сорос-Қазақстан» Халықаралық қорының өкілі, АҚШ азаматы Джон деген жігіт күтіп алды. Қасында тілмаш боп жүрген әдемі қазақ қызы бар. Қыз қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген әрі өте сауатты екен.
Мені жиын болатын жердегі үлкен ресторанға алып келді. Алдымызға неше түрлі дәмді тағамдар мен сусындар әкелінді. Шараптың да неше атасы бар екен. Тамақ желініп, шарап ішті қыздыра бастағанда, әңгіме де қызды. Мен өзімді қызықтыратын тақырыпты тағы да қозғадым.
– Сіздерде, Америкада, ұлтаралық, нәсілшілдік мәселелері қалай шешілуде?
– Бізде мұндай мәселелер көп туындай бермейді. Өйткені, тіліміз тұтас. Бірыңғай ағылшын тілі ұлтты да тұтастырып тұр. Дегенмен, қытайлардың ассимилияциялануы қиын. Қытай қалашықтары қытай тілі мен мәдениетін сақтап отыр. Ол жерде бірыңғай қытай тілі үстемдікке ие. Болашақ қауіп төндірсе, солар төндіреді. Мысалы, мен ирландықпын. Үйде ирланд тілінде сөйлесек, қоғамдық ортада ағылшын тілінде сөйлейміз. Ешкімге кедергі келтірмейміз.
Біз ауқаттанып болдық та, мен ой тұңғиығына батқан күйім, лекция өтетін залға аяңдап келемін. Жанымда – Джон мен тілмаш қыз. Олар да ойға батқандай. «Не ойлап келеді екен?!».
Залда жан-жақтан келген журналистер әжептәуір жиналып қалған екен. Амандастық. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіпті. Араларында газеттің де, теледидардың да журналистері бар.
Бізге семинарға қатысатын журналистер тізімі, бағдарлама, басқа да материалдар берілді. Сонымен қатар, үгіт-насихат жүргізетін шетелдіктер де көп ұзамай келеді екен.
«Табаған» табиғаты сұлу, денсаулыққа өте жайлы жер екен. Тау аңғарларында неше түрлі спорт кешендері орналасыпты. Бәрі-бәрі сонадайдан көрініп тұр.
Біз жатын орнымызды белгілеп алғаннан соң, залға қайта жиналдық. Шетелдіктер де келіпті. Бәріміз 19:00-де кешкі тамаққа бардық. Бір қызығы, біз бұрын-соңды көрмеген түрлі шарап, тамақ столдарда сықап тұр. Бірақ араларында орыстың арағы көрінбейді.
Жұрттың, әсіресе, қазақтілді журналистердің жүзінен: «Бұл не жиын екен?!» деген сұрау бар екені жүздерінен анық сезіледі. Соның ішінде мен де бармын.
Тамақтанып болғаннан кейін, бәріміз жатын орынға тарадық.
Ертеңіне, яғни 2009 жылдың 12 желтоқсаны күні, сағат 8:00-де тіркеу басталды да, артынша семинарға қатысушылармен таныстырылды. Қазақстанның әр түкпірінен келген орыстілді, дәлірек айтсақ, орыс ұлттары басым тұратын Солтүстік аймақ журналистері мен Оңтүстік, Батыс, Семей облыстарынан, Шығыстың орыстілді журналистері, сондай-ақ, Венгрия, Қырғызстаннан да келген қонақтар бар екен.
Семинардың тақырыбы мен үшін мүлде түсініксіз: «Журналистер үшін жадыда ұстайтын Қазақстандағы ЛГБТ мен адам құқығын қорғау жөнінде туындайтын сұрақтар».
Семинарды «Сорос қаржыландыру қоры – Қазақстан» қаржыландырып, басқарады екен. Семинар орыс тілінде өткізілді.
Қош делік! Мен семинарды ұйымдастырушыларға салғаннан: «Мен орыс тілін толық түсінбеймін. Сондықтан, маған тілмаш керек!» деген талап қойдым.
Маған «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау Халықаралық қорының сарапшысы Ғалия Әженова мен Семейдің журналист қызы Сандуғаш кезекпе-кезек аудармашы болуға келісті.
Семинарда журналистері бар, басқасы бар, барлығы 40 шақты адам болдық. Үш күнге созылған семинарда Венгриядан келген ұлты серб Небойша Радич, Қырғызстаннан Ирина Каргатова, қазақстандық Валентина Рагоза, т.б. азаматтар баяндама жасап, ЛГБТ туралы, олардың Қазақстан секілді мұсылман елдеріндегі қиындықтары, құқықтарының бұзылуы, оларды қорғау, қамқорлыққа алу жөнінде кең мағұлмат берді, ақпараттандырды.
Басқаны қайдам, бұл семинардың мән-мағынасын түсінген сайын, қаным да қайнай бастады. Санамда миыма қонбайтын ойлар тізбектеле берді.
«Неге еркек пен еркек әуейі болады?! Ұрғашы мен ұрғашы ше?! Жыныс ауыстыру деген не пәле тағы?!». Қысқасы, өмірімде мен естімеген пәлелер!… «Жүре берсең, көре бересің» деген рас екен!…
Менің жаныма батқаны, мына есалаңдардың құқығын қорғау үшін қыруар қаржы бөліп, сонау Америкадан ат сабылтып, шала бүлініп жүргендердің іс-әрекеті, тіпті түсініксіз!
«Әлде, мүмкін осындай қисынсыз әрекеттерімен Қазақ елін, қазақ халқын іштей іріту, ұлтсыздандыру, әдет-ғұрыптарынан, мәдениетінен бездіруді мақсат тұтып келген бе?! Неге екі сөзінің бірі «Сіздер, мұсылмандар, адамның ішкі сезімін түсінбейсіздер!» деп біздің дінімізді аяқ асты еткісі келеді?!».
Бұл сауалдар, ақыры, мені қарсы шабуылға шығарды. «Ең мықты қорғаныс – шабуыл» деген рас екен.
Сіздер адам құқығын қорғағыш болсаңыздар, «Борат» фильмін жарыққа шығарып, бүкіл бір ұлтты қорлап жатқан Ббатыстық кинорежиссерді неге жөнге салмадыңыздар?! Құранды өртеп, 2 млрд-тан астам халықтың сенімін аяққа таптап жатқан еуропалықтарға неге қарсы шықпадыңыздар?! – деген сынды сұрақтарды төтесінен қойып, үндерін шығармауға тырыстым.
Бұл төте сұрақтарым еуропалықтардың үнін бәсеңдеткенімен, қазақстандық орыстілді журналистердің қарсылыққа толы үндерін үдете түсті. Осыдан-ақ, шетелдіктердің кімге арқа сүйеп келгені белгілі боп қалды.
Сайып келгенде, баршасы қазақ ұлтының ділін, дінін, салт-дәстүрін тоқыратып, әлсірете түсуге белсенгенге ұқсайды. Әсіресе, Қазақстанда тұратын орыс пен басқа да өзге ұлттардың жат пиғылы қатты сезіліп тұрды.
Бұдан әріге шыдауға болмас, сөз тығыны өздігінен атылып кетті.
Ешкімге дес берер емес. Сөз түйдектеліп шығып жатыр, шығып жатыр!
– Біз, қазақ халқы, сіздер ойлағандай, сіздер топшылағандай емес, араб елдеріндегідей мұсылмандардан өз ерекшелігіміз бар. Біз ата-салт дәстүрімізге басымдық беретін мұсылмандармыз! Біз ұлы Дала заңына бағынатын өзіндік ұстанымыз бар. Біз орыс боданына түспес бұрын өзімізге тән «Дала демократиясы» бағытымен өмір сүріп келгенбіз. Керек десеңіздер, «демократиялық құндылықтарды» кезінде еуропалықтарға біз үйреткенбіз!
Римдік құлиеленушілік қоғамды жойып, адам баласына еркіндік алып берген біздердің бабаларымыз – Далалықтар екенін ұмытпаңыздар!
Біздер Сақ, Ғұн, Дешті Қыпшақ, Алтын Орда империясын құрған бабалар ұрпағымыз! Тарихи себептермен уақытша бас бостандығымыздан айырылып қалғанымыз рас. Қазір тәуелсіз елміз! Шынайы демократияны болашақ әлі талай біз үйрететін боламыз! Жаңағы сіздер айтып жатқан жыныстық жүйедегі кемшілікті біздер кезінде жарияға жар салмай-ақ, «қызтеке» деп қарап, жасырын ұстағанбыз. Қоғамнан оқшаулаған жоқпыз. Ал, мен сіздердің сөздеріңізден түсінгенім: жыныс мүшесі сау болса да, ауытқушылықтары бар адамдардың құқығын қорғауды басшылыққа алып отырсыздар! Ол – жыныс мүшесінің сырқаты емес, жан дүниесінің құлазуы, азғындалуы. Бұл екеуі – екі бөлек дүние! Осыны ажырата алмай отырсыздар! Мысалы, мына Қырғызстаннан келген өрімдей екі орыс қызының қай жері науқас?! «Лесбиянка» дейді! Бір-бірімен аймаласып жатыр!.. Ойбай-ау, бұлар еркек көрмеген, иісінбеген сорлылар ғой!..
Әрине, менің жалынды да, ашулы сөздерім жиналғандарға әрқилы әсер етіп жатқаны айдан анық-ты. Сұрақтар қарша жауды. Әсіресе, АҚШ-тан келген Джонның менің әр сөзімді мұқият аудартып, аса мән беріп отырғаны қатты таңғалдырды.
Қарша бораған сұрақтардың ішінде маған қатты әсер етіп, қанымды қыздырғаны қазақ тілі туралы сұрақ болды.
– Сіз неге орысша сөйлемейсіз? Қазақстанда ешкім қазақша сөйлемейді ғой?!
– Бұл – қате пікір! Мен өмір сүретін жерде, яғни, Қызылорда облысында орыс тілін қажет етпейді. Сонымен бірге, Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Демек, біршама уақыттан кейін, отаршылдар тілі үстемдігінен айырылады. Қазақтілділер үстемдігі орнайды. Мен өз отаным – Қазақстанда жүрмін. Орыс тілі – Ресей тілі! Орысша сөйлегісі келетіндер сол жаққа барғаны дұрыс!
Бұл жауабым бәрін, әсіресе, шетелдіктерді қатты таңғалдырды, әрі сүйсінтті. Десе де, пікірім орыстарды, орыстілділерді қатты ренжіткені жүздерінен анық сезіліп тұрды. Қазақтілділердің арасында да маған қарсы күңкілдегендер болды, жасырмаймын. Мен де «ә» десе, «мә» деуге іштей әзір тұрдым.
Осылайша, бұл семинардың мән-мағынасын біршама кемітіп, назарды басқа жаққа бұрғандай боп, моральдық тұрғыдан жеңіс туын желбіретіп, жеңімпаз бола бастағанымда, өзімнің аңғалдығымнан, ақ көңілдігімнен, жұртқа жақсылық істеуге ұмтылып тұратындығымнан қатты опық жедім.
Семинардың үшінші күні болатын. Оған дейін барлық іс-шараға белсене қатысып, фильмдер көріп, ойындарын жандырып келе жатқанмын.
Тағы бір кезекті ойын ойналды. Екі топқа бөліндік. Әлгі өрімдей, әп-әдемі «лесбиянка» екі орыс қызы қарсы топта ойнады. Неге екені белгісіз, жақсылыққа жаным құмар басым, кешеден бері осы екі қыз ойымнан кетпей-ақ қойды.
«Жап- жас болған соң, әлі күнге еркек атаулыны исінбегендіктен, осындай күйге түсіп, қор болып жүр- ау!.. Сондықтан,мұндай ой құрсауынан босату жолын қарастырайын!».
Ойлап-ойлап, ақыры: «Бір сәті келгенде, ойын үстінде байқамай сүрініп кеткендей боп, біреуінің үстіне жата кетейін. Сөйтіп, еркекке исіндіріп, бір жақсылық жасайын!» деген тоқтамға келгенмін. Осы ойымның сәті енді келгендей. Ойын үстінде, бала кезімде көп көрген, мәші есекті қуған айғыр есекше ақыра өңкіп, екі қыздың бірін ұстай бергенмін. Үлгіре алмадым. Қайдан шыға келгені белгісіз, баяндама оқып жүрген семіз орыс қатын алдымды кес-кестей берді. Кедергі жасады. Есесіне, екпінімді тоқтата алмай, әлгі семіз орыс қатынның «құрбақасын» ұстай алдым!..
Мәс-саған! Не деген жиіркенішті! Ұшынғаным сонша, бет-аузым сол сәтте-ақ жыбырлай жөнелді. Бала кезімде шын құрбақаны байқамай ұстай алған сәтім есіме түсе кетті. Сұп-суық былшырақ пәледен қатты шошынғам. Мынау да сол! Тек айырмашылығы – анау сұп-суық болса, мынау ып-ыссы!
Кенет есіме, Қаламбек құрдасымның жастау кезінде осындай жағдайға тап болып, жиіркенгені сонша «ем болғай» деп бір жарты орыстың сасық арағын бір өзі дем алмастан тартып жібергені есіме түсе кеткені.
Дереу азық-түлік ,шарап сатып тұрған жерге қарай құстай ұштым. Келе сала, әй-шәй жоқ, орыстың сасық арағын сұрадым. Арақты тезірек ішу үшін, бар шынымды айттым. Обалы не керек, сатушы ісіме қарқылдап, ішек-сілесі қата күлсе де, жасырып сатып отырған арақтарынан бір жартыны суырып берді. Жалма-жан әлгіні нән фужерге толтыра құйдым да, дем алмастан тартып жібердім… Жиіркеніштен бе?! Әншейінде, әрең ішетін орыс арағы су секілді лықылдай жөнелді. Дәмі де сезілер емес! Әйтсе де, беттің жыбырына түк те әсері болмады. Қайта үдете түскендей…
Ұзын сөздің қысқасы, ауылға беттің жыбырымен түстім де, айнаға қарадым. Қарасам, мәс-саған!.. Бет-аузым жарадан көрінбейді! «Бәсе, пойыздағы адамдар мені көрсе неге қашады?!» десем… Ұсқынымды көрген ауылдастарым бірден диагноз қойып үлгеріп жатыр. Тіпті, диагноз үшін дереу пікірталастар, дебаттар, диспуттар қызу жүріп жатты.
– Әй, мынауың нағыз боқ жара ғой!
– Жоқ! Бұл кәдімгі сары жара!
– Оттапсың!..
– Бір түрлі екен!
– Меніңше, мынау бұзаутаз!
– Өйдә-ә!
Пікірталасушылардың ішінен біреуі:
– Дәрігерлер не дейді? – деп қалып еді, бәрі бірауыздан:
– Өй, соларды қойшы! Шетінен дүмше! – деп шулап қоя берді.
Осыдан-ақ, бүгінгі дәрігерлердің беделі қай шамада екені белгілі боп қалды.
Осылайша, пікірталас шарықтау шегіне жете бергенде, Құдай оңдап, ұзақ жыл темір тордың ар жағында отырып, мол «тәжірибе» жинап келген құрдасым Жага келе қалмасы бар ма?!..
Мені көрді де, бірден:
– Әй, мынау ұшық қой! Бірдеңеден қатты ұшынған екенсің! Мен баяғыда бір орыс қатынның «құрбақасын» байқаусызда ұстап алып қатты ұшынғаным бар…
Мұны естігенде, ішім қылп ете қалды. «Сірә, Жага бәрін сезіп қойды-ау! Осы темір тордың ар жағына барып келгендердің білмейтіні жоқ па деймін?!.. Жұртқа жақсылық жасайын десең, осы!.. Өзіңді шаяндай шағады!»… Қалың ойдың тұңғиығына бата бергенімде, Жагам жайына қарап тұрмай тағы да:
– Бұл – жұқпалы ауру! Жан дүние ауруы! Мен білемін ғой! Бастан талай өткен! – деді.
«Жұқпалы ауру» дегенді естігенде, жұрттың көзі алақандай боп, кенеттен тұра қашты. Қашқанда да, араларында «апалап» қашқандары аз болмады. Сөйтіп, айналамды қоршап, сөз бермей тұрған «білгіштер» көзді ашып-жұмғанша жоқ болды. Мен де оңбадым. Аяқ-қолдарым өздігінен дірілдей бастады. «Құрыған жерім осы!» деп білдім. Айқайлауға дәрмен жоқ.
Шамамды байқап қалған Жага:
– Мұны тек ұлттық дәстүрге бай бақсылар ғана емдей алады! – деді тағы.
Жан беру, оңай ма?!.. Дереу бақсы-балгерлерді жағалай бастадым. Ақыры, Жага нұсқаған бақсыға қарай құстай ұштым. Жаганың бақсысы да «қағынған біреу ме» деп қалдым. Мені көргеннен шошала тиген сиырдай өкіріп-бақыра бастады.
– Қайран, қазағым-ай!… «Арымнан жаным садаға!» дейтін, аршыл, намысшыл қазағым-ай!… Бүгінде арыңды, намысыңды, дәстүріңді аяқ асты етіп, өзгенің қаңсығын таңсық қып, төрге оздырдың-ау!.. Өзгені жарылқаймын деп өзіңді ұмыттың-ау!.. Тілің – анау, дінің – мынау!… Салт-дәстүрің де итше таланып жатыр!.. Қазағым-ай, қайда бара жатырсың?!..
Ұлтты іріту орыстар келгелі үздіксіз жүргізіліп келе жатқан іс-әрекет!
Оны Кеңес Одағы да жалғастырды. Тәуелсіздік тізгіні қолға тигеніне отыз жылдан асып бара жатса да, сол баяғы ұлтымызды іріту үрдісі тоқтамақ түгілі, жаңа сатыға көтерілді…
Емшінің екпіні әлі де басылар емес! Бұрқ-сарқ қайнап жатыр.
– Сенің бет-аузыңдағы жара, ол – ұшық!.. Жаның да, тәнің де қабылдағысы келмеген, жиіркенген нәрсеге жолапсың! Тәнің сол жиіркенішті нәрсені жаныңа жолатқысы келмей күресіпті. Ұшықты денесінен шығарып тастағысы кеп тырысыпты. Сыртқа жара боп шығыпты. Егер тәнің де, жаның да өзі қабылдамайтын нәрсемен күресе алмай, ішіне түсіріп, денесіне таратып алса, адам өледі.
Халық та – сол тұтас ағза сықылды! Өзі жиіркенетін, қабылдай алмайтын дінді, салт-дәстүрді ерікті-еріксіз, еліктеумен, бассыздықпен, ойсыздықпен қабылдай берсе, күресе алмаса, қоғамды ұшық жайлап, бүтіндей ұлтты, халықты жояды. Сондықтан, ел арасында: «Сақтансаң, сақтаймын!», «Бәлелі жерге бармағыңды тықпа, тырнағың қалады» деген сынды сын-ескертпелер, ойлы сөздер, пәлсапалар жеткілікті. «Орыстан досың болса, айбалтаң жаныңда болсын!» деген де бар. Сайып келгенде, бәрі өзің үшін де, ұлт үшін де аса маңызды ескертпелер!..
Басыңда дұрыс санаң болмаса, өзіңе ұшық әуес боп сақтығыңнан айырыларсың, халықта ұлттық идеология болмаса, ұлттығынан айырылады. Тағы да қайталаймын. Ұшық ішке түссе, сен өлесің. Ұшық ұлттың ішіне түссе, ұлт жойылады. Сенің санаңды миың басқарады. Ұлттың санасын халықтың миы – билік басқарады. Сені емдеу оңай, халықты емдеу қиын!
Қазір сенің тәніңдегі дертпен сау дене мүшелерің күрессе, халық дертімен ұлт жанашырлары, ұлтын сүйер жандар тынымсыз күресіп жатыр. Әзірге ұлттың миы – билік әрекетсіз отыр. Сондықтан, сен де өз тәнің секілді, халықтың мүддесі үшін сыртқы жағымсыз күштермен аяусыз ашық күресуің қажет. Сонда ғана өзіңді де, ұлтыңды да қауіп-қатерден сақтауға септігің тиеді.
Сөйтті де, бет-аузымды бір сипап қалып еді. Міне, ғажап! Бет-аузымның жыбырлауы сол сәтте-ақ сап болды. Емнің әсері ме, әлде ой тастар әңгіменің әсері ме?!.. Десе де, ем қонбайтындай көрінген ұшықтан құтылғаныма қатты қуанғаным-ай!..
Бәрін айт та, бірін айт, емшіге Отанын қызғыштай қоруға дайын жауынгердей тікемнен тік тұрып:
– Өзімді де, ұлтымды да ішкі-сыртқы зиянды әсерден қорғауға әрқашанда әзірмін! – деп әскери ант бердім.
Үйге кетіп бара жатып: «Апыр-ай! Қаншама оқыған-тоқығандар, зиялылар айта алмаған ақылды келелі ойды айтып, емдей алмаған дертті емдеп жазған қарапайым ауыл емшісі өз дарынымен жұртты тәнті етті-ау!» деген ой санамды сілкілеп өтті.
«Ел іші – өнер кеніші» демекші, ұлтымызды іштен де, сырттан да ірітетін арамза күштерді әшкерелей отырып, оларды ауыздықтайтын тұлғаларды ашық насихаттайтын да уақыт жетті-ау!
Нұрбай ЖҮСІП,
Арал ауданы,
Қамбаш ауылы
23.09.2023 ж.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!