Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Үкі ою» – су маржанын сақтаудың тиімді жолы

17.01.2022, 15:45 483

HALYQLINE.KZ Қыс мезгілінде ауа-райының салқындауынан өзен, көлдердің бетінде мұз қатуда. Мұз қату әсерінен су астында оттегінің жетіспеуі пайда болып, балықтардың қырылып қалу қаупі туындайды.

Осы жағдайдың алдын алу мақсатында басқармаға қарасты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері мұздарға ойық жасап, қамыс-сабан салып, су астын оттегімен қанықтыру жұмыстарын жүргізуде.

«Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» жергілікті табиғат пайдаланушылармен бірлесіп «Жетікөл» көліне үкі ойып, балықтардың қырылу қауіпінің алдын-алуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: