Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Туымыз тұғырынан түспесін!

13.01.2022, 15:10 296

HALYQLINE.KZ

Баршаңызға бақыт тілеймін. Мына жүйке жұқартқандай қиын-қыстау күндерде иінді төмен салмай,еңсе көтертер күш-қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар тілеймін.Бәрі бір күндегідей болмайды. Сондықтан, арайлап атар әр таңға сеніммен қарайық. Ақжарылқап күндер алдымызда!

Дінмұхаммед Қонаев.

Қазақстан ел тарихындағы күрделі кезеңді бастан өткізді. Бұл жағдай бәрімізге де оңай болған жоқ. Әр отбасының әрбір адамының өмірі мен оның болашағы өте қымбат. Сол күндері үздіксіз құқық саласында еңбек етіп жүрген жас балама қатты алаңдадым. Теледидар қарамайтын едім, шұғыл жаңалықтарды көріп, жанымды шүберекке түйіп отырдым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің тұтастығын сақтап қалу мақсатында дер уақытында шұғыл шешім қабылдады. Оның «Қандай жағдай болса да, мен елордада боламын. Халықпен бірге болу – менің Коституциялық міндетім» деген сөздері құлазып отырған көңіліме үлкен демеу болды.

Жағдайды тұрақтандыру үшін мемлекет басшысы Қазақстан халқына өзекті мәселелерді қамтып үндеу жолдады. Бұл жаңа Қазақстанды құруға әрбір қазақстандық жауапты деп ойлаймын. Оған бәріміз бір ауыздан атсалысуымыз керек.

Алдағы уақытта қиындықтың бәрі артта қалып, жарқын өмір сүруді нәсіп етсін, Аллам! Бейбіт күнде ашық аспан астында өркендеген, еңбекқор, білімді жастары бар, рахымды, көреген қариялары бар Қазақстан елі мәңгі жасай берсін! Қазақстанның әр тұрғынының жүрегі елім, жерім, ұрпағым деп соғатын патриоттар болсын. Осындай азаматтардың арқасында еліміздің болашағы кемелдене түсетініне сенімдімін.

Туымыз тұғырынан түспесін!

Гүлстан  Өтеғұлова,

Ә.Мүсілімұлы  атындағы  №101  мектеп-лицей  мұғалімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: