Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындар сақтық шараларын күшейту керек

19.11.2021, 15:05 314

HALYQLINE.KZ Бүгін баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстарға тоқталып өтті.

Қызылорда қаласында жыл басынан бері әртүрлі сипаттағы 165 өрт оқиғасы болған. Оның ішінде тұрғын үйлерде 114 өрт оқиғасы тіркелген. Көмірқышқыл газына улану фактісі бойынша 3 жағдай, табиғи газға улану фактісі бойынша 1 жағдай болған.

Бұған көп жағдайда тұрғындардың қауіпсіздік талаптарын орындамай, жабдықтардың орнатылуына салғырт қарауы себеп болып жатады. Мәселен, тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеу, электр сымдардың дұрыс жалғанбауы мен ескіруі, балаларды қараусыз қалдыру және пештің түтін шығу жолдарын тазаламау өрт оқиғаларына әкеп соқтыруда.

Қазіргі таңда газдан келетін оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында мейрамханалар мен тамақтану орындарында рейдтік шаралар ұйымдастырылуда.

Өткен жылы әлеуметтік тәуекел топтарына кіретін отбасылардың тұрғын үйлеріне көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктердің 330 данасы орнатылса, биыл датчик 350 отбасыға орнатылмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: